Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  101


Автор: Ұлықбек Есдәулет

САҒЫНҒАН ЖОҚПЫН

Ай туды жаңбыр басыла,
Жұлдыздың нұрын тартып ап.
Жылға мен қақта шашыла
Жарығы жатты жарқырап.
Нiл көкте
Нәзiк нұр – қамшы,
Жарқ етiп сөндi құдды елес.
Талдардан тамып тұр тамшы,
Көз жасы да емес, шық та емес.
Бiр сезiм менi толқытты,
Сағыныш та емес, түк те емес.
Буланды көзiм,
Ол, тiптi,
Көз жасы да емес, шық та емес.
Сағынған жоқпын сенi мен,
Дәл өзiң құсап ұмытқам.
Сен емес, түн ғой демiмен
Кеудемдi менiң жылытқан.
Сағынып сенi қайтемiн?..
Еске де алғам жоқ, тегi...
Жай ғана, а-нау Ай
Сенiң
Келбетiңе ұқсап кеткенi!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу