Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2022
196

Шыбынымды шырқыратып сен кеттiң
Шыбынымды шырқыратып сен кеттiң,
шылымымды бұрқыратып мен қалдым,
шәрбатыңа шөлдеттiң,
шөлдетердей неңдi алдым?
Қоңырауың тынышымды алып барасың,
омырауым шым-шым еттi оқ теспей,
көз қиығын саласың,
өз күйiгiм жетпестей.
Қара көздi төңкердiң де наздандың,
бала кезгi үркектiгiң аз мүлде,
өртенуге аз қалдым,
өртейтiндей жаздым не?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇