Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2022
1089
ДәЛIЗ ЖУҒАН КЕЛIНШЕК
Сен жуып кеткен Баспалдақ,
жылап жатыр жанарынан жас парлап,
бәлкiм, сенiң саусағыңды сағынды,
мен табаныммен басқанда-ақ.
Анау жоғары шыққан сал бөксе,
мынау төмен түскен нәлдi өкше –
келмеске кеткен:
оның құм кезiн,
сенiң қыз кезiңдi, мүмкiн, салды еске?
Мен тұрмын әлi үйге енбей,
телегейге көзiм үйренбей:
құмның алқымын,
қыздың балтырын
шөпiлдетiп толқын сүйгендей!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter