Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  84


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Айлы түнде ұрылар мен қарылар

Айлы түнде ұрылар мен қарылар,
Аттай алмай бiр-бiрiне зарығар.
Неткен жарық,
Неткен нұрлы мына түн,
Тек ғашықтар серуендеуге шығатын.
Сен келесiң самаланы қақ жарып,
үнiң неткен жап-жарық!
Әрбiр сөзiң күңгiрт тартқан кеудеме
жатқандайын шам жағып.
Мына түн де сен секiлдi бейкүнә,
ай үңiлер ажарына ой тұна.
Ғашықтарға қызыға да қызғана
қарау деген тән мiнез ғой жалқыға.
Құшақтардың құйынынан буын мас,
сол бiр сезiм мәңгiлiкке суынбас,
Ерiмей ме деп қорқамын бiрақ та,
кiрпiгiңнен сыңғыр еткен түйiр жас.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу