Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2022
81
![](/uploads/shorttexts/author_image/esd-ulet[3].jpg)
ПАРАЛЛЕЛЬ
Алға аттап, алысқа басқан
Жолдарда сапарласып бiз,
Жақындап, алыстамастан,
Келемiз қатарласып бiз.
Ұқсас-ау күрсiнуiмiз,
Көздегi жаңбырымыз да.
Ұқсас-ау тiршiлiгiмiз,
Пешене, тағдырымыз да...
Тұрмасақ құт-ұя болып,
Емес ол қашықтығымыз.
Қалады құпия болып,
Бiздердiң ғашықтығымыз.
Шақтарда кезiгiп жүрген
Таусылмас ренiштерге,
Ұқсатам өзiмiздi мен,
Қосылмас рельстерге.
Қосылса соқпақтарымыз,
Бiр iзге түсiп, алайда, –
Көтерген составтарымыз
Апатқа ұшырамай ма?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter