Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2022
115

ҚАРА ТОН
Ақ қар. Көк түн. Бояу аз.
Жұлдыз көзi – суық мiр.
Сақылдайды сары аяз,
Ауа әйнектей сынып тұр.
Қақпалы үйдiң қасында
Қара тонды жiгiт тұр.
Тон iшiнен күледi,
Қолаң шаш қыз – киiк бiр.
Қысқы түнде қара тон –
Махаббатқа баспана.
Үйленiп үлде кисең де,
Сол тонды, жiгiт, тастама?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter