Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  91


Автор: Жанат Әскербекқызы

Қызыл іңір қылығына сүрініп...

Қызыл іңір қылығына сүрініп,
Әлі бітіп, ақшам шыға жығылып,
Елік-сезім құлап жатты ес-түссіз,
Бөрі-түннің азуына ілігіп.
Арлан шіркін көп аңдыған адымын,
Терең ұқпай, тағымыз-ау тағы мін.
Айға қарап үлыды да... қалды үнсіз,
Тыңдағандай таяп қалған таң үнін.
Қалдырмастан олжасының өлігін,
Баяулатып, аласұрған солығын.
Бүлкек кақты. Сезім шіркін тіріліп,
Құрсағында бара жатты бөрінің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу