Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2022
121
Сезіледі бейіттердің тынысы...
Сезіледі бейіттердің тынысы,
Аруақтар күбірлесті...
Түн іші.
Көрден тұрды саудыраған көп сұлба,
Қаңқаларға жан біткендей, дұрысы.
Түн мазасын алып кетті-ау көп күбір,
Күбір-күбір... күбірлерде жоқ дүбір.
Ұйқыдағы тіршіліктің түсінен
Аруақтар елес болып өтті бір.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter