Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  102


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Құла түздiң қаңбағы

Құла түздiң қаңбағы
Қайырылып артқа қарамас.
Адамның қаңбақ болмағы
Жарамас... жарамас...
Қиық салсам артқыға,
Көшкендейiн көп жалған:
Желдi күнi жондардан
Қаңбақ қуып алданған.
Тастан тамыр iздеген
Аңқау күннен не қалды?
Қаңбақ қуып бiзбенен
Қыр асты да жоғалды.
Баяғыдай бiз бармыз:
Жоғалған жоқ жырымыз.
Бiреулерге ызғармыз,
Бiреулерге жылымыз.
Дүние, қызық қуалап,
Қанша жерге барыстық.
Удан қашып,
бал iштiк,
Ойхой, дәурен, бәрi ыстық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу