Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  116


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Қолшатырдың қажетi не, қозғама...

Қолшатырдың қажетi не, қозғама,
Көк нөсерге көмiлейiк аз ғана.
Сен едiң ғой жаңбыр жауса мәз бола,
Жалаңаяқ жүгiретiн боз бала.
Бүгiн көктiң рақымы түсiп тұр,
Күзелген тал көктем нұрын iшiп тұр.
Жадыңда ма, жайлаудағы терекке
Жаңбыр жауса қорғалайтын күшiк бiр.
Күшiгiңе күле қарап алыстан,
Сен едiң ғой тамшылармен жарысқан.
Жүгiргенде жаңбыр жуып жүзiңдi,
Алғаш саған ақындық дерт жабысқан.
Қолшатырды қозғамашы, тоқталшы,
Алақан тос, қонақтасын көк тамшы.
Тамшы деген – сенiң сәби бейнеңдi
Мәңгi өзiнiң жанарында сақтаушы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу