Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  85


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Көргiм келедi, бiлгiм келедi...

Көргiм келедi, бiлгiм келедi,
Дүниенiң барлық құпиясы мен сырларын.
Келедi және тыңдағым
Жаңғыртып жатқан тау iшiн
Бүркiт пен бұлақ дауысын
Бүкiл жүректiң лүпiлiн,
Тамырда қанның ағысын.
Ашылса деймiн алдымнан:
Құшақтар менен қақпалар,
Көкжиектер мен шахталар,
Бар әлем ыстық көркiмен
Жадымда мәңгi сақталар.
Көрейiк, кәне, үңiлiп,
Кеудеңнiң ашшы қақпасын.
Қалтарысында тығылып,
Бықсық ой бұғып жатпасын.
Сезiмiң, ойың, сырыңды
Бекiтпе ешбiр құлыппен.
Өзiңе күндер бүгiнгi
Қарамауы үшiн күдiкпен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу