Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  118


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ВОРСКЛА ӨЗЕНI

Назданған Ворскла қыз қылықты,
Тұлпарын патша сенде жүздiрiптi.
Жағаңа мен де келдiм, патша емеспiн,
Адаммын одан гөрi iзгiлiктi.
Жағаңа келiп тұрмын ертеменен,
Әсем бiр су екенсiң еркелеген.
Қосылып толқыныңа кетер ме екен
Кеудемнен ағып шығып көркем өлең.
Көңiлi жауды қуып тоғайғасын,
Жоғалтып айдыныңа қол айнасын,
Атапты ұлы Петр «ұры өзен» деп,
Су айна ұрламайды, соны ойласын!
Сен менен «ұры» деген ат алмассың,
Көңiлiм толқыныңмен сапарлассын.
Түбiңе тастайыншы өз айнамды,
Патшаның айнасымен қатар жатсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу