Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2022
113
Өмірді сүю
Жылуын жасыл жаздың iздедiм мен,
Кешегi көктем қайда күзге күлген?
Өмiрден өзге түктi мойындамай
Ойпырмау, өтемiз бе бiз де өмiрден?
Осыған –
Қайта көктер ағаш емен –
Несiне таңырқадым балаша мен?
Шiркiн, дем –
Бiрден бiрге ауыспай ма,
Секiлдi сазы сырлы тамаша өлең.
Күрмеуге келсе болды қысқа жiбiм,
Кәдесiз кетпес деймiн күш, танымым.
Кiрермiн Төстiк құсап кiрсем жерге,
Тiсiнен Сорқұдықтың мыстанының.
Жұрт айтса:
«Өлмейдi, – деп, – адам жаны»,
Қашанда майдай жағар маған дағы.
Талқыдан тастай қатқан тұлғаң, бiрақ,
Сұмдық қой судай сiңiп жоғалғаны.
Дегенге:
«Бар зат ешбiр жоғалмайды», –
Емексiп күптi көңiл алаңдайды.
Тумайды-ау мендей ақын,
Туса дағы
Бәрiбiр мендей ғашық бола алмайды!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter