Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  80


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Не бердің?


















Күн жауды ақ сабаумен сабап келiп,
Артынан аспан шықты садақ керiп.
Жаздағы бар қызықтың төлеуiне,
Тоғай тұр алтындарын санап берiп.
Аз берiп, көп алады тағдыр дәйiм,
Өтерсiң өте шыққан жаңбырдайын.
Сезбейсiң жауырыныңның жер қапқанын,
Деп жүрiп алысқанға алдырмайын.
Жастықта қанша мәрте қыбың қанды,
Салмадың қанша азапқа шыбын жанды?!
Төккен тер,
Көз майыңның құны қанша,
Құр босқа қанша қайрат шығындалды?!
Безбеңдеп бар тiрлiгiн пенделердiң
Өзгермес өз заңымен дөңгелер Күн.
Жаздағы бар қызықтың төлеуiне,
Бақ бердi жапырағын,
Сен не бердiң?




















Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу