Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2022
95
ҚЫЗЫЛ IҢIР
Қалың орман қойнауына
Қып-қызыл күн қонғанда,
Қарағайлар жол бойында
Қалың ойға шомғанда.
Қып-қызыл боп мұнартпай ма,
Қара жолдың шаңдағы,
Жеңiлденiп қуантпай ма,
Iштегi ойдың салмағы.
Әр қарағай балағына
Бiр көлеңке жармасып,
Қорықса күннiң жанарынан
Беттерiмен жер басып.
Тiрлiгiңе тәубә дейсiң,
Тоқмейiлсiп азырақ.
Қайдан, қайдан ойға келсiн
Күн батары қазiр-ақ.
Көлеңке емес, адам болып
Қуанасың туғанға.
Саған орман сәлем берiп,
Басын шұлғып тұрғанда.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter