Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2022
111
ҚАРТ ПЕН ҚЫРАН
Әшiм қарт аралатты тауды маған,
Апарды Марқакөлге жаудыраған.
Қамшымен құсты нұсқап көкте жүрген
«Бұл, – дедi, – кәрi бүркiт – шәулi, балам.
Байқашы, анау шыңның керегесiн,
Құз тастың қуысынан не көресiң?
Сол тұста шәулi бүркiт ұясы бар,
Қоздырған қанатсыздың делебесiн.
Қиядан көзiн салған дарияға,
Қантүбiт балапан бар сол ұяда».
«Алайық, арқан байлап балапанын,
Бастаңыз» дедiм қызып қарияға.
«Тәйт, құсты құлданамын дейтiн кiмсiң?
Қызыққан киелiге кейпiң құрсын!
Сен де бiр қантүбiтсiң! – дедi Әшiмхан, –
Қырандар еркiн туған – еркiн жүрсiн!»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter