Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2022
155
НАЙЗАҒАЙ ЖАРҚЫЛЫ
Найзағай жарқылдаса
Жарқ етiп жан дүнием
Түлейдi жаңғырумен,
Армандарым айтардай маған сәлем
Көктемнiң жаңбырымен.
Найзағай жарқылынан
Қара бұлт жоғалады,
Ақша бұлт жаралады,
Дүниеге мөлдiр бiр нұр таралып
Жер жаһанның билiгiн сол алады.
Найзағай отпен осса жыртылатын,
Бұлт емес балғын жүрек!
Қалмайды ол қалғып, жүдеп,
Жаһанның жарқылымен оянады
«Дүние жаңғырды!» – деп.
Найзағай ойнағанда
Жарқ еткен сәл нұрымен
Дүние тазарардай шаң-кiрiнен,
Босардай иық бiткен бар жүгiнен.
Өкiнiш қылмас едiм өтсем егер
Жарқ еткен найзағайдың тағдырымен.
Асылы менiң жаным туыс болар
Оты бар, нұры бардың барлығымен!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter