Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2022
87

Тор бөстек
Темiр табалдырыққа
тiрелгенде бiрде мен
темiр торлы бөстекке
аяқ сүртiп кiрген ем...
Сонда қалай бiлмегем:
табандардың батпағын,
өкшелердiң сатпағын
тазартқан да аршыған
(неткен-неткен нар шыдам?!) –
сол төсенiш – (талайларды әуре еткен) –
сарқыт сынды батырлық пен дәулеттен,
бiр жасасқан талай-талай әулетпен,
Асан қайғы заманынан сау жеткен,
темiреннен қорғап баққан жiгiттi
тоғыз көздi кiреуке боп шығыпты!..
Бiлмеген жан у iшiптi... осылай,
Ата рухын ұрпақтары ұмытты...
...Кiм ұқпады, кiм ұқты:
сол кiреуке жатқан екен өткiзбей
босағадан тамам былық-шылықты...
Етiгiңдi байқап сүрткiн, жас тұлға,
Тарих жатыр табаныңның астында...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇