Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  92


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Тастаяқ

Мұхтар Құл-Мұхаммедке
Ақынға
Абзал ердiң сыйы сынды,
Ардақтап Мұхтар маған кий ұсынды,
Атамның ақ таяғы секiлденiп,
Жылытып бара жатты уысымды.
Зерлеген сүйегiмен пiлдiң аппақ,
Талай дос таңдай қақты кийдi мақтап.
Тастаяқ жаққаннан соң қолайыма
Дуалап тартар болды бильярд жақ.
Тастарды тасқаяқтай қағыстырып,
Талаймен таланымды жарыстырып,
Жеңгенде
Көкiрегiм көкке шықты,
Жеңiлсем –
Қылғындырды намыс-құрық.
Мылтықты мергендей боп жырау адам,
Тасадан
Тасты көздеп сығалағам.
Зiлденiп тұрғам кейде
Зевстей боп,
Жасынмен жұлдыздарды қуалаған.
Деушi едiм
Найза ұстаған сақшыдаймын,
Найзасыз ендi қалай бақ сынаймын?!
Тал-түсте тастаяғым қолды болып,
Айырылған қобызынан бақсыдаймын!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу