Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2022
87
Көнбiс
Қысқы күн қырық құбылып,
Жауын мен боран шұбырып,
Тасқын мен көшкiн жаудырды
Жығылған жұртқа жұдырық.
Көсемнiң өзi қайда екен,
Шешеннiң сөзi қайда екен?
Сәбилер суға кеткенде
Сұбханның көзi қайда екен?
Жүрегiм неге жылайды?
Көңiлiм неге ылайлы?
Көнтерлi көнбiс едiк қой
Қарғамайықшы Құдайды...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter