Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2022
475
Пері қызы
Тына қалған ғарышты сыңғырлы етіп,
Көз жасымен көк белде мұң гүлдетіп,
Пері қызы шыққандай серуенге
Қоңыраулы күймесін күмбірлетіп.
Ол күрсінсе көк жүзі жаңғырады,
Ашуымен жаһанды таң қылады.
Алтын қамшы арқасын осқан кезде
Арқырайды ақ жалды арғымағы.
Серуенмен сезімнің мұңын үзбек,
Құлағына жетпейді-ау үніміз көп.
Шарасына аспанның сыя алмайды
Жалғыз жүрек бұлқынып, жұбын іздеп.
Жүрек шері жас болып сығылады,
Нөсер қылып төгеді мұңын әлі.
Ал, әзірге солқ етіп, көзін сүртер,
Орамалын ширатып шұғылалы.
Көңіліні іркілген күдік көп-ті.
Асқақ Шырақ шуақты үміт төкті
Мұңлық пері (өзім боп), ғайып болып,
Түрсіз,түпсіз аспанға сіңіп кетті...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter