Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2022
153

Биыл міне отыз жыл Рәміздерге
Биыл міне отыз жыл Рәміздерге,
Төлқұжаты қазақтың саналатын.
Құтты болсын мейрамы Рәміздердің,
Әр жыл сайын қуантып оралатын.
Қазағымды танытатын қазақ қып,
Еліміздің таңбасындай — Рәміздер.
Ата-баба дәстүрлерін көрсетер,
Ұлттық сана жалғасындай — Рәміздер.
Рәміздерге басымызды иеміз,
Елтаңба, ту әнұран бар киелі.
Ұлттық Рәміз әрқасысы біз үшін,
Әрбір қазақ Рәміздерді сүйеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇