Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  98


Автор: Жанат Әскербекқызы

Түпсіз-түпсіз құрдымға...

Түпсіз-түпсіз құрдымға,
Шошынғандай түсінен
Шың құлады өкіріп.
Ал, жалғаншы дүние
Сақ-сақ күліп ішінен,


Алақайлап көмейі,
Шыңғырады өтірік.
Көзінен жас сорғалап,
Кім жылады өкініп?!
Аспан шығар, сірә бұл,
Ғалам шері, бір ағыл!
Жоқтау айтқан аспанға,
Тоқтау айтар жоқ ешкім,
Көрісуге кім бар-ды?!
Шын құлаған құрдымнан
Талып жеткен көмескі үн,
Қаралының қайғысын
Бөлісуге бұлданды.
Марқұм шыңнан аманатЖел ішінде үн қалды.
Желдің жолын тостым көп,
Өз үнімді қосқым кеп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу