Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2022
130
Қазымыр қаңтар...
Қазымыр қаңтар.
Көктайғақ.
Көліктер жолдан өтті ойнап.
Жалаңаяқ жүгірдің
Табаныңа шоқ байлап.
Қаңтар ғой, қаңтар.
Қаңтар бұл.
Аяздың зілін артар кіл.
Ақ түтек боран ішінде
Алтайдан ауған арқар жүр.
Тау қайда қалды.
Тас қайда?!
Жан аман болса – бас пайда.
Кеудесін қаққан боранды
Ай мүйіз іліп тастай ма?!
Шыңда ойнап өскен тағы еді.
Биіктік неткен әдемі!
Таусылмай ма екен, әттең-ай,
Тірліктің салған әлегі.
Қайтеді таудан
Шет қалып.
Мұзарттың зары өтті анық.
Ай мүйіз арқар маңырар
Ағарған айды бетке алып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter