Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2022
110
Жұмақ бар да, тозақ бар...
Жұмақ бар да, тозақ бар,
Білгің келсе сөз ақтар.
Жұмағында ғажап бар,
Тозағында азаптар.
Дейді, дейді, дейді екен,
Жоқ-ау бізде ой бөтен.
Естір едім аузынан
Қайдан тауып сөйлетем.
Түпсіз көкте Тәңірім,
Баса алмайсың тамырын.
Киіп жүрміз қамыт қып,
Ібілістің зәбірін.
Дейміз тағы – Тәңір хақ,
Дал боламыз таңырқап.
Көктен бізге көз тігер
Сол иеміз жабырқап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter