Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  103


Автор: Жанат Әскербекқызы

Өксіді аспан... өксідім мен...

Өксіді аспан... өксідім мен,
Тағдыр жалтақ, көп сүрінген.
Кесапаттар кер кеуделі
Күңкілдейді кекшіл үнмен.
Қыз дәуреннің қылығы ұмыт,
Тұла бойым тұр үгіліп.
Көкіректі тырнаған шер
Көз жұмады ұлып-ұлып.
Кебін киген киелі арман,
Кебенекке ие жалған.
Итінеді ит тіршілік
Иеге иек сүйеп алған.
Қаңтардағы қайың көңіл,
Қалтарыс тұр жайың, небір,
Өліп кетсем, өлігім жүк,
Жабдығымды дайында, өмір!
Қыл көпірде қырық түрлі ой,
Құбылады үмітті үрлей.
...Қайда бастап бара жатыр
Жұмағында құлып тұр ғой...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу