Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  92


Автор: Жанат Әскербекқызы

Диуана көңіл...

Диуана көңіл,
тіршіліктен безген,
Асасын алып,
Кеңістікті кезген,
Қазулы көрі – кеудеге оралар
Кебін оранып бөзден...
Қабірінде жатып,
Бебеулейді ұзақ,
Сол бебеуден түсер
Тас қамауға сызат.
Көроғлы келер, дүниеге сөйтіп,
Ойнамайды ол бірақ, қабірінен ұзап...
Тіршілік бар көрде – Көроғлы тірі,
Бар болған жан жолар жүрегінің түгі.
Көрден шығар бір күн құрсанып,
Талықсытар сәтке
Жарық күннің сұғы.
Көрден шыққан өмір – көкірегі шерлі,
Қадам басар алға қақыратып жерді.
Сайқал тірлікті шашынан сүйреп,
Қайта оралар сағынып,
өзі туған көрді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу