Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  129


Автор: Жанат Әскербекқызы

Қараша келді дайындал...

Қараша келді дайындал,
Қамығып жүрген ойым бар.
Ұялуға да дәрменсіз
Лыпасыз қалған қайыңдар.
Қараша келді мұңдылау,
Аспанның жүзі бұлдыр-ау.
Қарайып кеткен көңілге
Үмітті үкі қылдым-ау.
Тал, терек тоңған шақта бір,
Бақыты тайған баққа кір.
Шашылып қалған жапырақ –
Сен-дағы солай ақтарыл.
Қараша келді жүрекке,
Әзірге мұңын түнетпе.
Ызғары шалар, жаныңа
Жазықсыз, нәзік гүл екпе!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Аяла
Аяла 01.11.2022 13:32
Примм

Пікір жазу