Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.08.2022
124
Тіршілік
Жаңғырықтармен, жаңғырықтармен құмығу,
Тіршілік деген келер күндерге жүгіру.
Тіршілік деген құлап қалсаң да қайтадан
Тұру керектігін ұғыну.
Керегі қанша жұмағы жұмбақ елестің,
Балғын күндерім, бәйтерекке теңестің.
Шаршама жүрек, мен мәреге жетпестен
Құлауға тиіс емеспін.
Тіршілік-тентек, ғажайыптардың кілтісің.
Жапырақтарын сұлу шетендер сілкісін.
Анам көзіне ұялап қалған мұң менен
Жанарымдағы асау-тәкаппар күлкісің!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter