Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  142


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Көшпендімін

Ұлы бабам ғасырмен көше берген,
Көше берген, көлемі өсе берген.
Ол құлаған аз емес ор мен жыра
Сонда да адамзат көшіне ерген.
Бір жақсылық болар деп жүре берген,
Жүре берген, елім деп, еңіренген.
Тулап шығып торынан заманнан
Түре келген, қуанып күле берген.
Ұрпағымын мен де сол көшпендінің,
Көшпендімін, əрі мен көшелімін.
Тəңірі жазған екен тағдырыма
Көшпенді елімменен еселімін.
Көшпендімін, əлі де көшіп келем.
Көшіп келем, пейілімнен көсіп берем.
Өшкен күнім барымды тонаса да
Өшікпеген қалпыммен өсіп келем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу