Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  113


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Парыз

Саралап өлеңнің соқпағын
Жағалап өзіңе тоқтадым.
Жасындай жарқ еткен, əулием,
Бағалап, жоғыңды жоқтадым.
Қаталды матаған ақылмен
Қаһарлы болсаң да ақылды ең.
Мен түскен оқудың ордасы
Аталды өзіңнің атыңмен.
Сөгілдің сонда сен таңым боп
Төгілдің жаныма жауын боп,
Аспанмен таласқан мəңгілік
Көріндің асқар шың тауым боп.
Көнімді жырыңмен жібіттім,
Шөлімді қандырып, іріттім,
Парызым көп саған. Ақтауға
Көгімде құсы ұшты үміттің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу