Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.08.2022
85
Күзде
Бұлыңғырлап бұлт бұлданып жаумайды,
Ашылаған арқар ойға саулайды.
Қызыл түлкі қыран көзін жаздырып,
Сұрша құмға қайта-қайта аунайды.
Қоңылтақ жел дала қойнын қаулайды,
Жұлқи қашып жазғы есесін даулайды.
Құм көрпесін жел көтерген картоптар,
Ұядағы жұмыртқадан аумайды.
Күз еңбектің сом тұлғасын қашайды,
Тер менен қол тауды шөптен жасайды.
Комбайндар кері арғымақ сияқты,
Егін дəнін құшырлана асайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter