Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.08.2022
93
Жасыл мұнар айнала жасыл алау...
Жасыл мұнар айнала жасыл алау,
Оралғандай желдің де басына дау.
Зым-зия боп,
Шегіртке əндетеді,
Жазбен бірге шаттығы тасыған-ау!
Сəл бұрындау жазбенен жолығардан,
Қашқан қардың сан тарау жолы қалған.
Шалшық біткен бақаның ұясы боп,
Бұлақ біткен балыққа толып алған.
Алайын деп сарқытын қойған іркіп,
Қыдырып жүр қалықтап ойда бүркіт.
Ақжалтауды бөктерлеп бара жатыр.
Екі қасқыр ерте өрген қойдан «үркіп».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter