Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.08.2022
83
Жаздың шаңқай түсінде
Секілді ауыл маңы – кең алабы,
Əжім – жол шырмап алған жер – ананы.
Шыбындап үйір жылқы суға түсіп,
Түйелер аузын ашып дем алады.
Жомарт күн бас ыстығын батыл жұмсап,
Кезеріп ерні кеуіп, татыр сусап.
Ағаштың көлеңкесін жамылып ап,
Табын қой андыз-андыз жатыр жусап.
Ыстықты елең қылмай оншалық,
Аралар бəйшешектің басын шалып.
Балалар су күмістен шашу шашып,
Өзенде шомылып жүр асыр салып.
Оралып бірі отыннан, бірі малдан,,
Шаттығы қос жұбайдың күліп алдан.
Іргесін киіз үйдің түріп тастап,,
Қызық бір əңгімеге кіріп алған.
Танытып болмағанын осал адам,
Асаудан жігіт қолы босамаған.
Жол тосқан Бекежандай Қособадан,
Бойжеткен сығалап тұр босағадан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter