Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  133


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Маңғылқасқа аспанның...

Маңғылқасқа аспанның,
Маңдайына шығып ап,
Шідер үзіп қашқан күн.
Бара жатыр зымырап.
Сынап – бұлақ сусыған,
Жылғаларды жұлындап
Екі жылдай тусыған,
Көк бие тұр құлындап.
Керілді өзен көсіліп,
Қыстай бетін ашпаған,
Шопан үйі есігін,
Шалқасынан тастаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу