Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.08.2022
407
Табиғат – алтын сарайым
Сал табиғат! – менің алтын сарайым!
Ақ қарыңды жағып алсын самайым,
Көз жасыңды жүрегіме құйып бер,
Өзенің боп өршеленіп шабайын.
У-ға толып кетпесін деп маңдайың,
Жыланныңның тақ тілінен шағайын,
Бұлбұлың боп бұтағыңа қона қап,
Тамылжытып мақтап əнге салайын.
Қатпар таулар! – таусылмайтын қазынам,
Саған өктем өтуші еді базынам,
Сен түрегел! Мен жантая тұрайын,
Төзе – төзе боларсың-ау қажыған.
Сыр түйіндеп үкілі орман назынан,
Қуат алып сыбызғының сазынан,
Жаз боп күліп, мəз боп келе жатайын,
Жыр құшақтап қайтқан жандай қажыдан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter