Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.08.2022
111
![](/uploads/shorttexts/author_image/188341186-2733284686962728-2236915316724120678-n.jpg)
Таумен жалғас тамырым
Үйме таулар елімнің кені шығар,
Тұнық көлі түймедей меңі шығар.
Заманымның салмағын көтерем деп,
Өзендері ақ айран тері шығар.
Бара жатса нар – тауым босайын деп,
Маңдайына алақан тосайын деп.
Əбігермін, сол жүкті бірге арқалап,
Өзеніне тамшымды қосайын деп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter