Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.08.2022
94
Ауруханада
Аурухана – екінші үйім,
Дəрігер менің туысым де.
Дейтін сынды ол:
Бекін, түйін.
Сезеді оны қу ішім де.
Дəрі – менің балым сынды,
Құмарланып тататұғын.
Екпе деген жалын сынды,
Бойымды алау ататұғын.
Кетпесін деп көрге түсіп,
Күтуші қыз – қарындасым,
Кеуде қысып,
Кермек ішіп,
Барады өтіп жарым жасым.
Қыз қолында болат ине,
Тамырымда салады ойын.
Дегендейін оңа, түйре,
Балбырайды тұла бойым.
Жасағандай мал-басқа есеп,
Өзімді – өзім баптай қонып.
Ығыстаймын, жамбас төсеп,
Тебетұғын аттай болып.
Қыз қолында болат ине,
Бұлшық етте салады ойын.
Түскендейін жайлы күйге,
Балбырайды тұла бойым.
Бір күн күліп, бір күн қорқып,
Өлмейін деп əбігермін.
Қуатымен жүрмін жортып,
Көзтанадай дəрілердің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter