Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  93


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Қолын қойған жырдағы мандатыма...

Қолын қойған жырдағы мандатыма,
Тұман деген аға бар Алматыда.
Менің үшін өлеңнің ханы сынды,
Саналғанмен бейуаз солдатыңа.
Іздейтұғын өмірден бар асылы,
Жастықпенен жүректің жарасымы.
Жалғызбын деп жылайды айыбы сол,
Көп болса да əлемде жанашыры.
Тұман деген аға бар Алатауда,
Өлең деген жиһаз бар ақ отауда.
Жастық жырын жырлаған сол ағаны
Өмірбақи болмайды шал атауға.
Қызық, нəзік сырларға тола бағы,
Көктем болып,
Таң болып қол алады.
Алматының періште арулары,
Қорғап-қоршап жүріңдер сол ағаны.
Тағдырыңа бас иген бағыныштан,
Қимастықтың əліне салып ұшқан.
Тырналарға көз алмай қараймын деп,
Тек сарғайып кетпесін сағыныштан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу