Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.08.2022
172
Сыр
Түсінсең кеудем – көрік, от қой демім,
Сырларым айтылмаған көп қой менің.
Жатыр ғой сонау қырда есіл əкем,
Жамылып жер үстінің көк көйлегін.
Бұл жырдың кімнен қонды басы маған,
Мені кім сыршыл етіп асыраған?
Ол мəңгі мұқалмаған, жасымаған,
Бір өзі бір өмірді еркелеткен,
Бір өзі бар əлемді ертек еткен.
Ол – менің анау жатқан асыл анам,
Ол – менің есіл əкем ерте кеткен.
Қалтырып мені сан мың жерлесіммен,
Дəм-тұзы бітіп олар жерге сіңген.
Бұл күнде Отан – анам, Отан – əкем,
Тағдырдың тартып алдым бермесін мен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter