Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.08.2022
108
Күшік пен кептер
Көк күшік дос етіп кептерді,
Жанына рахат көп көрді.
Тауықтан да бір тары татса-да,
Даладан бір бидай тап са да.
Əкелді. Өзі дым жемеді.
Ал, күшік:
– Мұның не? – демеді.
Қылғыды, тоймады.
Кептер жұмысын қоймады.
Тапқанын тасыса досына,
Күшік риза болмай,
– Барлығы осы ма?
Көп-көп əкел! – дей берді.
Əкелгенін жей берді.
Кептер қоймады тапқанын тасуды,
Күшік тоймады, шақырды ашуды.
Арс-ұрс етті көк күшік,
Кептер кетті көкке ұшып.
Тапсаң достың алтынын,
Қадірлей біл, жарқыным!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter