Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.08.2022
122
Сыңғыр-сыңғыр бұлақ үнін...
Если не трагичен, значит не поэт...
А.С.Пушкин
Сыңғыр-сыңғыр бұлақ үнін,
Тыңдап, жанды шылады мұң.
Сыңсып ұшқан шерлі аққудың
Сырласатын сыңарымын.
Жетім көлдей көңілім бар,
Толастамас солығым бар.
Жебе ұшында тағдырым тұр –
Өлеңді алма, өмірімді ал.
Ғарыш билер ғұмырымды,
Бұлдамайын бүгінімді.
Жүрегіме шырақ етем,
Құралайым, құлынымды...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter