Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  96


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Аңсай күткен арманың мен мұратың...

Аңсай күткен арманың мен мұратың,
Қалай болса, солай қарай бұратын.
Тірлік деген механизм секілді,
Кілең ғана рульдерден тұратын.
Өмір деген жолы тайғақ құба шың,
Бірде солға, бірде оңға бұрасың.
Бір қыратқа шыға келсең сорпа боп,
Келесісін тағы көздеп тұрасың.
Таусылмайды мұндай бəйге мұндай сын,
Өмешектеп ұмтыласың тынбайсың.
Жоғарыға қарай берме, жасисың,
Артқа қара сонда өзіңді шыңдайсың.
Шығады оған қажымаған нар ғана,
Жолығасың жыраға да, жарға да.
Тізгінші өзің, барлық кінə өзіңде
Шыға алмасаң, тағдырыңды қарғама.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу