Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  222


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Сағындың ба?

Көңілімнің көктемі едің,
Көктемі едің жанымның да.
Қимасым боп көптен менің,
Көптен мені сағындың ба?
Гүлге сені кеп теңеп ем,
Толмасын деп жаның мұңға.
Мені іздеп көктемеден,
Көктемеде сағындың ба?
Таусылмасын тағат қанша,
Тəтті ойларға салындың ба?
Мені ойлап таң атқанша,
Таңым болып сағындың ба?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу