Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  124


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Бұлғыным

Құт мекен жастық шақтың жайлауындай,
Жерұйық жер əсемі қайда мұндай.
Елі бай, жері көркем, Бұлғын өлкем,
Мəңгілік бақытымның айғағындай.
Қайырмасы
Тауларың ақпас, ақ маңдай,
Жыр болып шөгіп жатқандай.
Қойнауың аңыз, ертегі,
Ғажайып сырлар шертеді.
Бұлғыным менің Бұлғыным.
Жүректің əні болып тербетілген,
Сендей жер табамын ба жер бетінен.
Еңбеккер адамы бар ақ көңілді,
Бұлғыным, айналайын келбетіңнен.
Қайырмасы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу