Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.08.2022
117
![](/uploads/shorttexts/author_image/188341186-2733284686962728-2236915316724120678-n.jpg)
Жатаққа барсам бір кезек.
Жатаққа барсам бір кезек.
Бір тағдыр оғын тұр кезеп
Төсекпен дене тұтасып,
«Аллалап» қалған тіл безеп.
Денесі жанған от болып,
Аяғы қалған топ болып.
Көрдім де тағы өртендім,
Кеудеме жалын, шоқ толып.
Жолықпай дерттің кəріне,
Табыну керек дəріге.
Жансыздап келген қырсықтық,
Тап болдым, міне, бəріне.
Жатағын көріп күтпеппін,
Мұнымды қалай бүкпекпін.
Жазылмақ менің мойныма,
Тексере кетсе түптеп кім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇