Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.08.2022
128
“Бір күндік” менің ойымша
Байлығы қандай жеріңнің,
Қуаты қандай еліңнің.
Күншуақ барма күлкіңде,
Өзгеріс қанша бір күнде.
Кəнеки, айтшы?– десе кім,
Береміз анық есебін.
Тіршілік атты топтағы,
Қаншама жүрек тоқтады.
Қаншама жүрек өксіді,
Қаншама жүрек жоқтады.
Кəнеки, айтшы?– десе кім,
Береміз соған есебін.
Қаншама көмір қазылды,
Қаншама дастан жазылды.
Қаншалап көріп қуандық.
Ай қабақ қызды, жаз– ұлды:
Кəнеки, айтшы?– десе кім,
Береміз соған есебін.
Қаншама жерді қала қып,
Қаншама кірпіш қаладық.
Қаншалап қазып құдықты,
Қаншама қора санадық.
Кəнеки, айтшы?– десе кім,
Береміз соған есебін.
Қаншама асты жұтым қып,
Қаншама затты тұтындық.
Қаншама егін жинадық,
Қаншасын қойдық тұқым қып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter