Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  141


Автор: Талғат Орманов

МАРАТ ДОСЫМА

Көңіл дөнен желменен жарысқандай,
Одақ тұсы, шындыққа жақ қарысқандай.
Кезде біздер СХИ-да Төлбасының,
Арқасында болып ек танысқандай.
Қызығы мол сол жылдар өте шықты,
«Студсовет» өмірден көп жай ұқты.
Елгезек қызметімен Бек атанды,
Азат елде сырлы дос Марат мықты.
Тұздығы қалай? деп - ай мән бермесең,
Дәм татпасаң астан да еш білмес ең.
Ақмаралдай аруды саяладың,
Аяладың, өзгеге тең көрмес ем.
Ендігі кезек болар келін тойы,
Қарағайдай қалқайған ұлдар бойы.
Құдайым тіл мен сұқтан сақтап әркез,
Орындалсын жастардың мақсат-ойы.
Төрт ұл саған сыйлаған Марал керім,
Қасиетті Ақмешіт туған жерің.
Қос Аққудай бірге жүз айдын көлде,
Жүз жасасын қарындас Марат ерің.
Тілектес осы тойға Кәмшат – Төкең,
Бәйдібектен қайнағаң әкім Рекең.
«Елу деген - ер жасы» құттықтайды,
Ағайын жұрт, дос – жаран талай көкең.
Келін түссе мақсатқа мен де жетем,
Ләззатты алып ауылға елге кетем.
Оған дейін той-жиын ортаймасын,
Мерейтойлар қызығын жырлап өтем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу