Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.08.2022
93
ЭЛЕГИЯ
Бұйырғанды
жұбайың да киер-ді,
Үш мүшелден
ел де елеп сый берді.
Әулиелер қолдап
содан тасамын,
Елге берсін,
ерініме тиер-ді.
Қиын екен
Отан үшін ерінбеу,
Атану да, бұл қазаққа –
Серім деу.
Үй көрмейміз, елгезекпіз ұлтжанды,
Бізді ұстаудан желді ұстау да жеңілдеу.
Көңілімде кірбің толы наламын,
Домбыра алып алтыауызға саламын.
Төрешім деп, Эраны іздеймін, өйткені,
Әпкем сезгер, ақын әрі дара үн.
Несібе мол, бәлкім теріп алармын,
Дым тере алмай тізе бүгіп қалармын.
Аман болса халқы Күнгей-Теріскей,
Кез келеді, шоқ боп маздап жанар Күн.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter