Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  108


Автор: Талғат Орманов

ТАҢ НҰРЫМ

Әкемдей ардақты,
Анамдай салмақты,
Жанды іздеп ешқайдан таппадым.
Тектілік тәлімің,
Сіңірген бойыма,
Мойында парызың ақтармын.
Тұлпардай желер ме ем,
Қол соққан көрермен,
Өзіңе арналған ән-жырым.
Шабытқа сенер ме ем,
Бәйгеден келер ме ем,
Азаттық болмаса таң нұрым.
Зардабын қайғы-мұң,
Нәбет жұт қайғының,
Тартқан ел сынбаған белінде.
Бейбіт күн елімде,
Елбасым төрімде,
Көк Ту тұр желбіреп көгімде.
Азамат арынды,
Жауынгер жалынды,
Азаттық сыйлаған шуақ-жыр.
Сазгерлік сарынды,
Қаламы қарымды,
Отаншыл Рух-жігер биік тұр




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу